Date of publication: 30.04.2019 14:35
Date of changing: 02.05.2019 00:20

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

         2019 жыл 30 сәуір                                                                                                                                 Нұр-Сұлтан қ.

 

100 күн ішінде 100 смартфон:

Қазақстанда «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы басталды

 

2019 жылғы 1 мамырдан бастап 8 тамызға дейін Қазақстан Республикасының азаматтары «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» акциясына қатыса алады. Акцияны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті фискалдық деректер операторымен бірлесіп өткізеді.

30 сәуір күні Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «100 күн ішінде 100 смартфон: Қазақстанда «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы басталды» тақырыбында баспасөз конференциясы өткізілді. 

Спикерлер ретінде ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Мемлекеттік қызметтер басқармасының басшысы ШЫНДАЛИ Заңғар Асқарұлы, Фискалдық деректер операторының өкілі  («Қазақтелеком» АҚ корпоративті бизнес бойынша дивизион маркетингі департаментінің директорының міндетін атқарушы) Сулейменова Батийма Магзутовна баяндама жасады.

Акция кезінде Қазақстанның әрбір тұрғыны кез келген затты сатып алу немесе ақылы қызметті қолдану кезінде смартфон ұтып алу мүмкіндігіне ие болады. Тек тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшін төленген сомаға берілетін чектерді  «Таңдау» мобильдік қосымшасында тіркесе болды. Акцияға тек деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналардың чектерін (Онлайн БКМ) чектері қатысады.

Акцияны өткізудің мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру, азаматтардың тауар, жұмыс және қызмет тұтынушысы ретіндегі өз мүдделерін қорғау бойынша құқықтық мәдениетін қалыптастыру, көлеңкелі экономиканың мөлшерін қысқарту болып табылады.

2019 жыл ішінде ҚР ҚМ МКК-мен деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын (онлайн БКМ) қолдануға толық көшу жоспарланғанына назар аударамыз.

«Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» кең ауқымды республикалық акциясына кез келген тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алу кезінде Онлайн БКМ чектерін алған Қазақстанның азаматтары қатыса алады.

Қатысушы және чек туралы мәліметтерді тіркейтін «Таңдау» тегін мобильді қосымшасы App Store, Google Play market-те қолжетімді. App Store-даға қосымшасы акция басталғанға дейін іске қосылады.

Акция шарттары бойынша чектің берілген күні мен уақыты ұтыс ойыны басталған күннен ерте болмауы тиіс. Бір қатысушы тіркейтін чектер саны шектелмеген.

Акцияның толық шарттарын және қосымшамен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықты www.trebui.kz сайтынан көруге болады.

Қатысушылар арасында күн сайын акция өту кезінде 100 смартфон ойнатылады.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметі