Date of publication: 03.05.2019 09:54
Date of changing: 03.05.2019 09:55

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитеті

 

Баспасөз релизі

 

Алдағы кезеңге Дүниежүзілік кеден ұйымының Қаржы комитетінің құрамына Қазақстанды ұсыну туралы шешім қабылданды

 

         2019 жылдың 24-27 сәуірі аралығында Санкт-Петербург қаласында (Ресей) Дүниежүзілік кеден ұйымының Еуропалық аймақ елдері кеден қызметтері басшыларының конференциясы өтті.

         Бұл ДКҰ іс-шарасы ұйымның дамуын алдын-ала талқылау және оның қызметінің стратегиялық жоспарларын әзірлеу мақсатында жыл сайын өткізіледі, ол кейіннен Дүниежүзілік кеден ұйымы елдерінің кеден қызметтері басшыларының Брюссель қаласындағы штаб-пәтерінде өтетін жыл сайынғы сессиясы барысында шешімдер қабылдау үшін негіз болады.

         Конференцияға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті атынан Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Қожабергенов Ермек Қалиұлы қатысты.

         Конференцияның күн тәртібіне ДКҰ-ның Еуропалық аймақтағы транзиттік жүйелерінің түйіндесуі, ДКҰ қызметінде қосымша тілдерді қолдану, кеден қызметтері әрекетінің тиімділігін бағалау бойынша өз ДКҰ жүйесін құру секілді ДКҰ-ның Еуропалық аймақтағы кедендік әкімшіліктендіруді жетілдіруге қастысты өзекті мәселелер кірді. Сонымен қатар, іс-шара барысында ДКҰ Еуропалық аймақтағы кеден қызметтерінің басым бағыттары, ДКҰ-да басқару ережелері мен рәсімдерін жетілдіру мәселелері, сондай-ақ Еуропалық аймақтың ДКҰ-дағы өкілдігі туралы мәселелер талқыланды.

         Конференцияда ДКҰ жұмыс органдарына, оның ішінде Қаржы комитетіне қосылу туралы ұсыныстар қарастырылды. Ұзақ талқылаулардың қорытындылары бойынша Қазақстанның ДКҰ қызметіне белсенді қатысуын ескере отырып және аймақтық теңгерімді сақтаудың тәсілі ретінде алдағы кезеңге Қаржы комитеті құрамына Қазақстанды ұсыну туралы шешім қабылданды (2019 жылдың шілдесінен бастап 2020 жылдың шілдесіне дейін).

         Қаржы комитетінің негізгі міндеті, Кеңеспен мақұлданған Қаржылық ережелерде көрсетілгендей, Ұйымның қаржы ресурстарын, келесі қаржылық жылдың қаржыландыру көздерін қадағалау және сессияларға қаржы есебін дайындау болып табылады.

         Санкт-Петербургке сапары аясында Қожабергенов Е.Қ. Ресей кеден академиясының Санкт-Петербург бөлімшесіне барып, басшылығы пен студенттерімен білім беру үдерісін ұйымдастыру және алдағы ынтымақтастық перспективалары туралы сұхбаттасты.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)