ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
02.03.2015ж.
Баспасөз релизі
Ағымдағы жылғы 23 ақпаннан 6 наурыз кезеңінде Фискальды ведомстволарды интеграциялау мәселелері бойынша бірлескен экономикалық зерттеу бағдарламасы шеңберінде Дүниежүзілік банкі сарапшыларының екінші жұмыс сапары ұйымдастырылды.
Сапар кезінде Комитет басшыларымен қатар жұмыс тобының басшыларымен мына бағыттар бойынша кеңестер мен кездесулер өткізіледі:
бизнес-процестерді оңтайландыру;
ақпараттық технологияларды интеграциялау;
кадрлық әлеуетті дамыту;
тәуекелдерді басқару;
сондай-ақ, DIQ әдісі бойынша жұмыскерлермен сауалнама жүргізуді және нақты уақыт режимінде сұрақтарға жауап алуды көздейтін талдау жүргізілетін болады.
Сапар қорытындысы бойынша Комитет қызметінің көрсетілген бағыттарын одан әрі қарай дамыту бойынша ұсыныстар берілетін Консультанттардың есебі күтіледі.
Естеріңізге салсақ, жобаның ресми іске қосылуы 2014 жылғы желтоқсанда жұмыс істеп тұрған біріккен фискалдық ведомстволардың халықаралық озық тәжірибесімен алмасу және зерделеу бойынша ұйымдардың қатысуымен ресми конференциясында жүзеге асырылды.
ҚР ҚМ МКК баспасөз қызметі