Date of publication: 26.06.2019 19:13
Date of changing: 27.06.2019 19:01

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

ҚАЗАҚСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КЕДЕН ҰЙЫМЫ САЯСИ КОМИССИЯСЫНЫҢ 81-ШІ СЕССИЯСЫНЫҢ ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

 

2019 жылдың 24-26 маусымы аралығында Қазақстан Еуропалық аймақтың атынан Брюссель қаласындағы (Бельгия) Дүниежүзілік кеден ұйымының Саяси комиссиясының 81-ші сессиясына жұмыс органының ресми мүшесі ретінде қатысты.

Саяси комиссия - бұл ДКҰ-ның 24 ең белсенді мүшесінен сайланған ДКҰ-ның жоғарғы органы. Саяси комиссия кедендік салада халықаралық стандарттарды әзірлеумен айналысады.

Осындан алдын, ДКҰ Кеңесінің 2017 жылғы 14 шілдедегі 129/130 сессиясының №349  шешімі бойынша, Қаржы комитетіне 3 жылдық мүшелік кезеңінен кейін, Қазақстан 2 жыл мерзімге Саяси комиссияға мүшелікке сайланды. Қазақстан үшін биылғы жылғы саяси комиссияның 81-ші сессиясы аяқтаушы болып табылады.

Қазақстан ДКҰ Хатшылығының қызметін үйлестіруді талап ететін төмендегі мәселелерді қарауға қатысты:

- Ұйымның Стратегиялық жоспарын жүзеге асыру туралы Бас хатшының баяндамасы;

- елдерге техникалық көмек көрсетуде Хатшылықтың жұмысы мен тәсілдерін қарастыру және үйлестіру, сондай-ақ кеден мәселелерінде жаңа халықаралық стандарттар мен құралдарды әзірлеу бойынша жұмыс жүргізу;

- Бас хатшы мен оның орынбасарлары лауазымына қайта сайлану мерзімдерін шектеу туралы шешім қабылдау;

- жаңа ДКҰ Cтратегиялық жоспарын талқылау және үйлестіру;

- ДКҰ-ға жаңа мүшелерді қосу мәселесі

- ДКҰ-да қосымша тілдерді енгізуде Пилоттық жобаның тиімділігін бағалау;

- Дүниежүзілік банкпен диалогты қоса алғанда, кеден қызметтерінің қызметін бағалаудың өз құралын әзірлеу кезінде Хатшылықтың жұмысы барысына қатысу;

- Электрондық сауда;

- Қайта қаралған Киоттық конвенциясы және басқа да мәселелер.

Сессияға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитеті атынан Халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Ермек Қожабергенов қатысты.

Сонымен қатар, іс-шара барысында бірқатар екіжақты кездесулер өткізілді:

  • ДКҰ Бас хатшысы Кунио Михуриямен мемлекеттік кіріс органдарының ДКҰ-мен ынтымақтастығын одан әрі дамыту,
  • Баку қаласында Институционалдық дамудың өңірлік орталығы басшысы Эсер Энгелмен институционалдық даму және Қазақстанның кәсіби құзыреттілігін арттыру мәселелері бойынша кездесулер өтті.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)