
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
100 МЫҢНАН АСТАМ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР БОЙЫНША 700 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ ӨСІМПҰЛ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРЫЛДЫ
2019 жылдың 5 қыркүйегіндегі жағдай бойынша ағымдағы жылдың басынан бастап 2,9 млрд. теңге көлемінде қарыздың негізгі сомасын төлеген 114 849 жеке тұлғалар бойынша 688,3 млн. теңге көлемінде өсімпұл есептен шығарылды.
Жалпы, 1,4 миллионға жуық адам рақымшылыққа ілігіп, 13,9 млрд. теңге көлемінде қарыздың негізгі сомасын төлеген жағдайда, 6,3 млрд. теңге көлемінде өсімпұл есептен шығарылады.
2019 жылғы 13-14 тамызда барлық аумақтық департаменттер өсімпұлдарды есептен шығару бойынша комиссия құру туралы бұйрық шығарды.
Салық қарызын мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz ресми сайтында «Салық қарызының болуы/болмауы туралы ақпарат» бөлімінде тексеруге болатындығын ескеріңіз. Салық төлеуші тек өзінің ЖСН-н енгізу керек. Осыдан кейін, ол өзінің салық қарызы туралы мәліметтерге қол жеткізеді. Есепте барлық қойындыларды ашуды ұсынамыз.
Анықтама үшін: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) күшіне енуі туралы» 2019 жылғы 3 шілдеде жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жасауға мүмкіндік беретін өзгертулер енгізілді. Бұл түзетулер 2019 жылдың 16 шілдесінде күшіне енді.
Сондай-ақ, 2019 жылғы 13 тамызда күшіне енген өсімпұл сомаларын есептен шығару ережелері (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 797 бұйрығы) 2019 жылғы 2 тамызда Анықтамалық бақылау банкінде жарияланды.
Сонымен бірге, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары-Қаржы министрі 2019 жылғы 9 шілдеде бекіткен Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жасау бойынша Жол картасы жасалып, МКД-да орындалуға ұсынылды.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)