Date of publication: 12.09.2019 15:50
Date of changing: 12.09.2019 15:52

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

12 қыркүйек 2019ж.                                                                                              Нұр-Сұлтан қ.

 

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ОРГАНДАРЫ ЖАЛҒАН ТРАНЗИТТІҢ ЖОЛЫН КЕСУДЕ

 

Транзиттік жүк көлігінің жүргізушісі Шымкент базарында жеміс-жидектерді сатқан. Жүргізуші ҚР аумағында мегаполис базарларының бірінде жүктің жартысына жуығын рұқсатсыз сатып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырып үлгерді.

Қазақстанға Қырғызстаннан Mercedes Benz 3343 маркалы автокөлікпен кірген кезде тасымалдаушы тауар-көлік жүкқұжатын ұсынды,онда жалпы салмағы 10 000 кг "балғын шабдалы" жүгі мәлімделді. Құжатта алушы ретінде ресейлік кәсіпорын көрсетілген. Алайда тауар Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясымен шекарасынан өтпеді. Анықталғандай, тасымалдаушы Шымкент қаласындағы "Қазыбек" базарының аумағында жеміс-жидек сатқан.     Бұл фактіні Шымкент қаласы бойынша МКД қызметкерлері анықтаған кезде, Қырғызстан азаматы бұған дейін 4 тонна шабдалы сатқаны белгілі болды.

Осы факт бойынша барлық материалдар Шымкент қаласының әкімшілік сотына жолданды.

         Жалпы, 2019 жылғы 1 тамыз - 9 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасында транзиттік тасымалдаушылармен жалпы салмағы 1543 тонна сомасы 2,3 млрд теңгеден асатын тауарларды сатудың 162 фактісі тіркелді. Бюджет 285 миллион теңгені жоғалтты.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)