Date of publication: 13.09.2019 17:25
Date of changing: 13.09.2019 17:27

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

 

«ШЕШЕНДІК ШЕБЕРЛІК: СЕНДІРУ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ» ТАҚЫРЫБЫНА ОӘО ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

 

2019 жылдың 10-13 қыркүйек  аралығында ҚР ҚМ МКК  Оқу-әдістемелік орталығы «Шешендік шеберлік: сендіру дағдыларын дамыту» тақырыбына ОӘО қызметкерлеріне семинар өткізді.

Іс-шараның мақсаты – көпшілік алдында тиімді сөйлеу дағдыларын, аудиторияға әсер ету әдістері мен тәсілдерін игеру.

Дәріскер ретінде Асылбекова Лейла Умурзаковна – СӘРЖ жеке өсу бойынша кеңесшісі, психология ғылымдарының докторы, РhD, медицина ғылымдарының кандидаты, «Халықаралық құзіреттілік академиясы» ЖШС директоры қатысты.

Семинарға қатысушылар аудиторияға әсер етудің вербальды емес және вербальды әдістерінің тиімді қолданылуымен танысты, өз ойларын анық және нақты жеткізуді, топқа сенімді сөйлеуді, тыңдаушылардың әрі қарайғы мінез-құлқына әсер етуін, нәтижелі үлгіні игереді.

Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде, дәріскер мен тыңдаушылар арасындағы белсенді қарым-қатынаста сәтті өтті.

Семинардың қорытындысы бойынша тыңдаушыларға 24 академиялық сағат көлемінде біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар беріледі.

 

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)