Date of publication: 20.09.2019 18:06
Date of changing: 20.09.2019 18:07

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

«ҚҰРЫҚ» БАҚЫЛАУ - ӨТКІЗУ ПУНКТІНДЕ «РАДИАЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА САБАҚТАР ӨТКІЗІЛДІ

 

Оқу - әдістемелік орталығы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің (бұдан әрі - МКД) сұранысы бойынша «Құрық» бақылау - өткізу пунктінде «Радиациялық бақылауды ұйымдастыру» тақырыбында сабақтар өткізді. Бұл іс-шара Америка Құрама Штаттарының Энергетика министрлігінің Екінші қорғау шегі басқармасының қолдауымен өтті.

Бірінші курстың мерзімі - 2019 жылы қыркүйектің 2-6 аралығында, екінші курс - қыркүйектің 9-13 аралығында өткізілді.

Курстың ұйымдастырушылары мен тренерлері - ОӘО оқытушылары және аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының тәжірибелі маманы.

Оқу бекітілген бағдарламаға сәйкес өткізілді, оның ішінде радиация негіздері, радиациялық бақылау жүйелерімен танысу, радиациялық бақылауды жүргізу ережелері, радиациялық бақылау кезеңдері. Тәжірибелік сабақтар барысында қатысушылар жұмыс бекетіндегі «Бақылау пункті», «Есептер» АЖО (оператордың автоматтандырылған жұмыс орны) бағдарламаларымен танысып, табылған радионуклидтерді сәйкестендіру және табу кезінде MКС-A03-1 маркалы радиациялық бақылау тасымалдау құралдарымен жұмыс жасалды.

Сауалнамалардағы тілектерден келесі тақырыптар бойынша сұраныс білдірілді: «Әуе көлігінде радиациялық бақылауды жүргізу», «Теміржол РБАЖ», «Жаппай қырып-жою қаруы», «ИБК», «ЖИТК», «ТЖБАЖ», «КБТҚ көмегімен есірткіні анықтау», «Бақылау пункттерінде (көліктік, санитарлық және т.б.) мемлекеттік бақылау түрлерін енгізу», «АСТАНА-1 АЖ жұмыс», «Транзитті тіркеу және жабу».

Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің 28 қызметкері біліктілікті арттыру сертификаттарына ие болды.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

баспасөз қызметі