Date of publication: 23.09.2019 11:31
Date of changing: 23.09.2019 11:32

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

ЕСІРТКІ АЛЫП ӨТПЕКШІ БОЛҒАН

 

20 қыркүйек күні сағат 11.30-дар шамасында «Жібек жолы" кеден  бекетінде Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметкерлерімен бірлесе жүргізілген тексеру барысында шекара бекетінде Тәжікстан азаматы Х.А. ұсталды.

Ол Қазақстан аумағы арқылы Өзбекстаннан Ресейге өтпекші болған. Кедендік тексеру кезінде "Ынтас" және "Рига" есімді қызметтік иттердің тінту, іздеу жұмыстары нәтижесінде күмәнді заттар табылған. Бұдан кейін кешенді инспекциялық іздестіру аппараты іске қосылған. Қызметкерлермен бірге күмәнді заттардың жасырынған жері анықталып,  Kabut Afganistan R.C.C.деген жазуы бар 12 кг құрайтын 12 қалта табылды.

Экспертизалық жұмыстар көрсеткендей қалталарда 12 кг есірткі болған.
Осындай оқиға,  29 маусым күні Атамекен кедендік бекетінде орын алған болатын. Онда автокөлігінен жалпы салмағы 1 929.09 гр құрайтын есірткі заттар табылған Тәжікстан азаматы ұсталған еді.

 

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

баспасөз қызметі