Date of publication: 23.09.2019 18:13
Date of changing: 23.09.2019 18:15

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

ТҮРКИЯ РЕСПУБЛИКАСЫ САУДА МИНИСТРЛІГІ ӨКІЛДЕРІМЕН

«КЕДЕНДІК ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨҢІРЛІК СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ

 

 

2019 жылғы 19-20 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы  «Кедендік тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру» тақырыбында өңірлік семинар өткізілді. Аталған семинар GIZ халықаралық ынтымақтастық Германия қоғамының Орталық Азиядағы сауда рәсімдерін жеңілдету жөніндегі бағдарламасының  көмегімен ұйымдастырылды.

Семинардың өзектілігі кедендік тәуекелдерді басқару мәселелері, кедендік төлемдер мен салықтардың толық алынуына, елдер арасындағы сауданың артуына, кедендік заңнаманың сақталмауын төмендетуге ықпал ететіндігіне байланысты. Халықаралық алмасу аясының кеңеюі, кеден заңнамасы сақталмауынан туындайтын кедендік тәуекел жағдайларының өсуіне себепші болуда. Мұндай заң бұзушылықтарды анықтау үшін қазіргі уақытта басқарудың неғұрлым икемді тетігі ретінде әлемдік тәжірибеде өзін көрсете білген кедендік тәуекелдерді басқару жүйесі қолданылады.

Түрік әріптестері тәуекелдерді басқару жүйесінің технологиялары; алдын ала келіп түскен ақпаратты талдау; импорт, экспорт және транзит, халықаралық почта жөнелтілімдері кезіндегі тәуекелдерді талдау; СЭҚҚ, УЭО институты, уәкілетті жөнелтушіге, уәкілетті алушыға санаттау тәртібі; қолданыстағы ақпараттық жүйелер; қолданыстағы талдау әдістері; кедендік кіріс ордерлері бойынша тауарларды тасымалдайтын жеке тұлғаларды бақылау кезіндегі тәуекелдерді басқару жүйесі; ТБЖ аясында ИЖК-ны қолдану; ТБЖ мақсаттары үшін авто, теміржол, сондай-ақ су, әуе көлігімен тасымалдауда алдын ала ақпараттандыруды пайдалану; ТБЖ саласындағы ЕО елдерімен өзара іс-қимыл жасау; ТБЖ-мен айналысатын кадрларды даярлау және қайта даярлау тәрізді өзекті тақырыптардағы өз тәжірибелерімен бөлісті.

Семинардың ашылуында қарсы алу сөзін сөйлеген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаментінің директоры Азамат Серікұлы Панбаев, өз сөзінде халықаралық сауда үшін қарастырылып жатқан мәселелердің маңыздылығы мен өзектілігін, бүгінгі күні кедендік тәуекелдерді басқару міндеті кеден органдарының басты міндеттерінің бірі болып табылатынын атап өтті.

Семинар модераторы – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің талдау, статистика және тәуекелдерді басқару департаменті тәуекел-менеджмент басқармасының орынбасары Ерлан Туханұлы Байдильдинов.

Қатысушылар ретінде Орталық Азия елдерінің (Өзбекстан, Қырғызстан) кеден қызметтерінің өкілдері, Комитеттің орталық аппаратының және Мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері шақырылды. 

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)