
БАСПАСӨЗ АНОНСЫ
ҚАЗАҚСТАНДА ЕАЭО МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ КЕДЕН ҚЫЗМЕТІ ӨКІЛДЕРІ ЖИНАЛАДЫ
Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметі біріккен Алқасының 32-отырысы а.ж. 25 қыркүйегінде Байқоңыр қаласында өтеді.
Отырысқа Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан, және Ресейдің, сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақтың кеден қызметтерінің басшылары қатысады.
Қолданыстағы кеден заңнамасын және оның тәжірибеде қолданылуын жетілдіруге бағытталған бірқатар өзекті сұрақтарды қарастыру жоспарлануда.
Отырыс жұмысы кедендік операцияларды оңтайландыруға қатысты бірқатар шешімдердің шығарылуына бағытталған.
Отырыстың қарауына Комитетпен күн тәртібіне келесі сұрақтар енгізілетін болады:
- 3 қазан 2017 жылғы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының № 131 шешімінің күшін жариялау туралы;
- Тасымалдаумен жеткізілетін, жеке пайдалануға арналған тауарларды кедендік декларациялау мен қайтаруға жататын тауарларды ұқсас тауарға айырбастау мақсатында бірыңғай тәсілдерді әзірлеу туралы;
БАҚ аккредитациясы мен басқа да сұрақтар бойынша 8 (724)2 23-83-90; 8(724)223-55-45 немесе g.shortanbaeva@kgd.gov.kz; s.kazbekova@kgd.gov.kz электронды пошталарына хабарласуларыңызға болады.