Date of publication: 25.09.2019 18:02
Date of changing: 25.09.2019 18:15

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

 

 25 қыркүйек 2019 г.                                                                                              Нұр-Сұлтан қ.

 

САЛЫҚТЫҚ РАҚЫМШЫЛЫҚ АЯСЫНДА 3 МЛРД.ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕГІ НЕГІЗГІ БОРЫШ СОМАСЫН АЛМАТЫЛЫҚТАР ӨТЕДІ

 

Жалпы, қазіргі уақытта салық бойынша негізгі борышты 5,3 млрд.теңге сомасына 242 387 қазақстандық өтеген. Есептен шығарылған өсім 1,13 млрд. теңгені құрады.

Бұл ретте, бір апта ішінде салықтық рақымшылық жасау мүмкіндіктерін пайдаланған азаматтар саны 65 322 жеке тұлғаға өсті, оларға осы уақыт аралығында 254,4 млн. теңге көлемінде өсімпұл есептен шығарылды.

Салықтар бойынша қарыздарын өтеген азаматтардың ең көп саны Алматы қаласында (42 500), Қостанай (28 137), Ақтөбе (25 391) облыстарында тұрады.

Негізгі қарызды өтеу бойынша көшбасшылар Алматы қаласы (3 млрд.астам), Қостанай (451,1 млн.), Алматы (220,6) облыстары болды.

Өсімақыны есептен шығару бойынша ең көп саны Алматы қ. (533,1 млн.), Павлодар облысы (145,1 млн.), Нұр-сұлтан қ. (72,4 млн.). 

 

Жалпы, 1,4 миллионға жуық адам рақымшылыққа ілігіп, 13,9 млрд. теңге көлемінде қарыздың негізгі сомасын төлеген жағдайда, 6,3 млрд. теңге көлемінде өсімпұл есептен шығарылады.

Салық төлеушілер борыштарының бар-жоғын Мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында немесе мына сілтеме бойынша https://kgd.gov.kz/ru/app/culs-taxarrear-search-web тексере алады.

 

Анықтама үшін: «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) күшіне енуі туралы» 2019 жылғы 3 шілдеде жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жасауға мүмкіндік беретін өзгертулер енгізілді. Бұл түзетулер 2019 жылдың 16 шілдесінде күшіне енді.

Сондай-ақ, 2019 жылғы 13 тамызда күшіне енген өсімпұл сомаларын есептен шығару ережелері (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 29 шілдедегі № 797 бұйрығы) 2019 жылғы 2 тамызда Анықтамалық бақылау банкінде жарияланды.

Сонымен бірге, ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары-Қаржы министрі 2019 жылғы 9 шілдеде бекіткен Жеке тұлғаларға салықтық рақымшылық жасау бойынша Жол картасы жасалып, МКД-да орындалуға ұсынылды.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)