
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІМЕН АКЦИЗДЕЛМЕГЕН 18 МЫҢҒА ЖУЫҚ ТЕМЕКІ БУМАЛАРЫ АЙНАЛЫМНАН АЛЫНДЫ
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен акциздік маркалары жоқ темекі өнімдерінің көлеңкелі айналымы 17 990 дана мөлшерінде анықталды:
Темекі өнімдерін заңсыз сату мемлекетке және темекі өнімдерін сатумен айналысатын бизнес субъектілеріне едәуір залал келтіреді, сонымен қатар денсаулыққа айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.
Өкінішке орай, кейбір салық төлеушілер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын елемей, темекі өнімдерін акцизсіз және заңдарды бұза отырып сатуда.
Алматы қ. МКД, Алмалы ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, Розыбакиев к-сі 33/1 орналасқан «Жұлдыз» базарында. акциздік маркалары жоқ темекі өнімдерінің көлеңкелі айналымы 17 990 дана мөлшерінде анықталды:
- Fast темекілері - 7 500 дана;
- Credo темекілері - 4 000 дана;
- Prestige темекілері - 4 500 дана;
- Esse темекілері - 1 490 дана;
- Mond темекілері - 1 000 дана;
- D & J темекілері - 500 дана.
Сонымен қатар, Департамент алкогольді ішімдіктердің заңсыз айналымы саласында да белсенді жұмыс жүргізуде.
Сонымен, 2019 жылдың 9 айында Алматы қаласының мемлекеттік кірістер органдары тексеру шараларын жүргізу барысында жалпы сомасы 408 млн.теңгені құрайтын 1 млн 974 мыңнан астам бөтелке алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымы анықталды.
Барлық сұрақтар бойынша кәсіпкерлер Департаменттің акциздерді әкімшілендіру бөліміне 267 69 37 нөмірі бойынша хабарласа алады.
Сонымен қатар, темекі немесе алкоголь өнімдерін заңсыз сату фактілері бойынша Алматы тұрғындары 8-727-267-15-64 сенім телефонына қоңырау шала алады.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)