Date of publication: 16.10.2019 12:59
Date of changing: 16.10.2019 13:00

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

 

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

16 қазан 2019 ж.                                                                                                             Алматы қ.

 

АЛМАТЫДА 26,5 ТОННАДАН АСТАМ ЗАҢСЫЗ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ ТӘРКІЛЕНДІ

 

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы мұнай өнімдеріне ілеспе шот-фактуралардың болуы және олардың түпнұсқалылығы бойынша рейдтік іс-шаралар өткізді. Тексеру барысында "Т" ЖШС мұнай базаларының бірінде жалпы сомасы 833 280 теңгені құрайтын АИ-92 маркалы 6 510 литр бензин ілеспе шот-фактураларсыз мұнай өнімдерін сақтау анықталды.

         Сонымен қатар, Алматы қаласы бойынша МКД Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері «М» ЖШС жанар-жағар май станцияларындағы тақырыптық тексеру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 4 миллион теңгеден асатын 20 тонна мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін бақылау өлшеу құралдарынсыз сату және жөнелту фактісі анықталды.

Қазіргі уақытта әкімшілік заңнамаға сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалып, материалдар Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберілді.

Осылайша, салық төлеуші «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі № 463-IV Заңының нормаларын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 281-б. 5-т. 2-тармақшасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

Мұндай бұзушылықтар шағын бизнеске немесе коммерциялық емес ұйымдарға - елу мөлшерінде, орта бизнес үшін - жүз, ірі бизнес үшін - үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әкімшілік құқық бұзушылықтың тікелей объектілері болып табылатын мұнай өнімдерін, темекі өнімдерін тәркілеумен бірге айыппұл салуға әкеліп соғады.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)