Date of publication: 25.02.2016 16:53
Date of changing: 25.02.2016 16:54

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетел инвесторлары кеңесінің инвестициялық

саясаттын іске асыру бойынша бірлескен жұмыс тобының шеңберінде Астана қаласында дөңгелек үстел өтті

Салық жүйесін реформалау және кедендік әкімшілендіруді жетілдіру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ МКК) және шетел инвесторларының талқылау тақырыбы болды.

Инвесторлар үшін жағдай жасау және инвестициялық қызығушылықты арттыру жөніндегі шаралар туралы баяндамамен ҚР ҚМ МКК-нің төрағасы Дәулет Ерғожин баяндамамен сөз сөйледі.

Инвестициялық қызығушылықты арттыру үшін ҚР ҚМ МКК ҚР ИДМ Инвестициялар комитетімен бірлесіп инвестициялық жобаларды іске асыру үшін тауарларды кедендік бақылау кезінде «жасыл дәлізді» қолдана алатын экономиканың басым секторларындағы инвесторлардың тізімін ұсыну туралы бұйрыққа қол қойылды.

«Әкімшілендіру бөлігінде мұндай жаңашылдық шетел компаниялары мен инвесторларды салықтық әкімшілендіруді орталықтандыру екенін атап өтемін. ҚР ҚМ МКК жер қойнауын пайдаланушыларды әкімшілендіру бойынша құрылым бар, осындай мамандандырудың оң көрсеткішін біз инвесторлар мен бирезиденттерге салық салуда қолданудамыз» - деп, Дәулет Ерғожин өз сөзін жалғастырды.

Комитеттің одан әрі даму жоспарында алдыңғы қатардағы халықаралық стандарттар негізінде электрондық кедендік декларациялауды енгізу жөніндегі міндеттер тұр, мәселен Қазақстанның жағдайын ескере отырып бейімделген «АСИКУДА» бағдарламалық қамтамасыз ету платформасы енгізілетін болады.

Еліміздің көліктік-логистикалық инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру мақсатында шекаралық өткізу пунктінің инфрақұрылымын жаңғырту жоспарланды. ЕЭО кедендік шекарасының қазақстан учаскесіндегі өткізу пункттерін қайта құру және техникалық жарақтандыруға ҚХР техникалық займ ұсыну туралы уағдаластық бар.

Сондай-ақ, ҚР ҚМ МКК Төрағасы өз сөзінде Кеден және Салық кодекстерін біріктіретін жаңа кодекстің әзірленуіне қатысып жатқандығы туралы айтты. Атап айтқанда, жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу өзгерістеріне тұжырымдамалық тәсілдер бойынша өз пікірін айтты.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев өз сөзінде Қазақстанның инвестициялық қызығушылығын дамытуға ерекше назар аударатынын жиі айтатынын естеріңізге саламыз. Барлық мемлекеттік органдардың алдында еліміздің географиялық жағдайын барынша тиімді пайдалану, табиғи және минералдық ресурстардың барын және саяси тұрақтылық міндеттері қойылуда. Осы факторлардың барлығы бүгінгі күні либералды заңнамамен қамтамасыз етілген, бұл шетел инвесторларын тартуды дамыту мен қолдануға үлкен мүмкіндік береді.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі

pressa@mgd.kz