
МКК Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі ОӘО) Халықаралық құзірет акдемиясы, қытайдың «Nuctech Company Limited» компаниясымен бірлесіп Нұр-Сұлтан қаласында Оқу-әдістемелік орталығының негізінде «Жүк автомобильдік және теміржол көлігін сканерлеуге арналған инспекциялық-тексеру кешені. Инспекциалық тексеру кешенінің кескіндердін талдау» тақырыбында семинар өткізді.
Семинарға тыңдаушылыр ретінде инспекциялық-тексеру кешенінің (бұдан әрі - ИТК) жұмыс істеуіне, ИТК-ың суреттерін талдауға Мемлекеттік кірістер комитінің Ахуалдық орталығының жауапты қызметкерлері қатысты.
Өткен іс-шараның модераторы ретінде ҚР ҚМ МКК-ің Оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Биекенов Серік Кенесович жұмыс атқарды.
Дәріскерлер ретінде Асылбекова Лейла Умирзаковна – профессор, психология ғылымының докторы, Муракаев Наим Бориевич- «Nuctech Company Limited» қытай компаниясының сарапшы-инженері, тәжрибелік оқуда Джолдасбаева Лаззат Бақытжановна-Манғыстау облысы МКД-ің «Морпорт» кеден бекетінің жетекші маманы, ОӘО қызметкері ЦжҚОБ-ің басшысы Қасымқұлова Лаззат Тұрдақыновна қатысты.
Семинардың мақсаты - әкелуге тиым салынған тауарларды анықтау үшін ИТК жұмыс істеу саласында мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру.
Семинарға қатысушылар ИТК жалпы құрылысымен, ИТК қолдану әдістемесімен, ИТК жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік техникасымен, рентген суреттерін өңдеумен, «Nuctech Company Limited» компаниясы өндірісінің жаңа технологияларымен танысты.
Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде сәтті өтті. Тыңдаушылар ИТК қолдану кезінде өзекті мәселелерді талқылау процесіне белсенді қатысқанын атап өту қажет.
Семинардың қорытындысы бойынша тыңдаушылар сауалнама толтырып, білім деңгейін тексеруге тест тапсырып, қатысушылар сертификат алды.