Date of publication: 03.03.2016 10:14
Date of changing: 03.03.2016 18:24

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

Ағымдағы жылғы 29 ақпанда қазақстан тарапының бастамасы бойынша ҚР ҚМ МКК төрағасының орынбасары Ғ.К. Әмриннің Түркия Республикасы халықаралық көлік тасымалының президенті Ф. Шенер мырзамен Қазақстан аумағындағы кедендік тазарту мен жүктерді тасымалдаудың проблемалық мәселелері бойынша кездесуі өтті.

Кездесу барысында Ғұсман Әмрин Ақтаудағы теңіз порты арқылы тауарлар ағыны өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда он есеге ұлғайғаны туралы хабарлады және Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік органдарының тығыз ынтымақтастығы одан әрі көбеюіне ықпал ететінін атап өтті.

Бар проблемалық, оның ішінде түрік делегациясының өкілдерімен аталған мәселелерді талқылап, кездесуге қатысқан Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының (ҚР ҚМ МКК, ҚР ИДМ ККК, ҚазАТО, ҰКП) өкілдері Ақтау теңіз портындағы өткізу қабілеттілігін арттыру жөніндегі жұмыстың барысы, кедендік тазарту кезіндегі бар рәсімдер, көліктік бақылау стандарттары мен қағидалары туралы және тасымалдаушылармен алдын-ала ақпараттандыру рәсімдерін қолдану кедендік жүктерді Қазақстан Республикасының аумағында тазарту процесі жеңіл және тез өтетінін атап өтті. 

Теңіз порттарындағы бизнес процестерді бірлесіп бағалау жүргізу мақсатында тараптар 2016 жылы Ақтау және Стамбул қалаларында Қазақстан, Түркия және Әзербайжанның мүдделі мемлекеттік органдарының қатысуымен бірқатар кездесулер өткізуге уағдаласты.

Алғашқы отырыс 2016 жылғы 16-17 наурызда Ақтау қаласында өтеді.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі

pressa@mgd.kz