Date of publication: 22.11.2019 18:45
Date of changing: 22.11.2019 18:47

            Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – Комитет) 2019 жылғы 23 қараша сағат 22:00-ден бастап 2019 жылғы 24 қараша сағат 9:00-ге дейін Нұр-Сұлтан қаласы, Орталық жер спутниктік станцияның жабдығына техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізу жоспарланатындығы туралы хабарлайды.

            Жоғарыда баяндалғанға байланысты көрсетілген уақыт аралығында Комитетттің аумақтық бөлімшелерінде спутниктік байланыс арналары қысқа уақытқа қолжетімсіз болуы мүмкін.