
2019 жылдың 4-6 желтоқсан аралығында ҚР ҚМ МКК ОӘО базасында «ЕАЭО кеден шекарасындағы мемлекеттік бақылаудың түрлерін жүзеге асыру» тақырыбына видеоконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өтті.
Іс-шараның мақсаты - біріктірілген бақылау саласында мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің біліктілігін жетілдіру.
Семинарға тыңдаушылар қатарында аумақтық мемлекеттік кірістер органдары кеден бағытының қызметкерлері қатысты.
Өткен іс-шараның модераторы ретінде ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Абылкасимова Сара Жукановна жұмыс атқарды.
Дәріскерлер ретінде ҚР Инвестициялар және инновациалық даму министрлігі Көлік комитеті, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті, ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің лауазымды тұлғалары қатысты.
Қатысушылар көліктік бақылауды жүзеге асыру ережелерімен, халықаралық қатынастағы көлік тасымалының рұқсат жүйесінің талаптарымен, автомобиль көлік құралдарының өлшем және габариттік параметрлерінің сақталу ережелерімен, «Көліктік деректер базасы» ақпараттық талдау жүйесіндегі жұмыспен, ЕАЭО кедендік шекарасында санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру тәртібімен таныстырылды.
Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде өтті.
Семинардың қорытындысы бойынша қатысушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберілді.