
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларына Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы бірлескен ынтымақтастық аясында екі елдің шекарасы арқылы өтетін тауарлар туралы алдын ала ақпаратпен өзара алмасу жүргізілгенін хабарлайды, онда сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың аты-жөні, тауарлардың атауы, салмағы, құны, олардың саны көрсетіледі.
Комитет бұл ақпаратты салық төлеушілердің жеке кабинетіне жіберуді жоспарлап отыр.
Қытай Халық Республикасымен ақпарат алмасу кедендік бақылаудың тиімділігін, көлік құралдарының кедендік шекара арқылы тиімді өтуін, тауарларды декларациялаудың дұрыс жасалуын арттырады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтады.
Кеден заңнамасын бұзушылықтар болдырмау мақсатында Комитет кедендік шекара арқылы өткізілетін тауарларды уақтылы және толық көлемде декларациялауды және тиісті кедендік төлемдер мен салықтарды төлеуді, оның ішінде ҚХР экспорт декларациясының деректерін салыстыру арқылы ұсынады.