Date of publication: 30.12.2019 17:56
Date of changing: 31.12.2019 14:47

ҚР Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде республикалық деңгейде бас жүлдесі автокөлік болатын, «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы бойынша ұтыс ойыны өткізілді.

 «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясы «Атамекен» ҰКП-ның қолдауымен Мемлекеттік кірістер комитетімен ағымдағы жылдың 21 тамызынан 30 қарашасына дейін Wipon компаниясының мобильді қосымшасын пайдалану арқылы жүргізілді.

Аталған кезеңде қатысушылармен 2, 739 млрд.теңге сомаға шамамен 500 мың онлайн БКМ чегі жіберілді.

Чектердің ең көп санын Қостанай, Қарағанды облыстары мен Алматы қаласы тұрғындары жіберілген.

Акцияға қатысушылар арасында ақшалай ұтыс ойыны күн сайын өткізіліп, 3 512 жеңімпаз анықталды, олардың ұялы телефон теңгерімдеріне 5 000 теңгеге дейін ақшалай қаражат жіберілді.

Бұл ретте барлық жіберілген онлайн БКМ чектері акцияның басты жүлдесі – автокөлік ұтыс ойынына қатысқан.

 «Түбіртекті талап ет – жүлдені ұтып ал!» акциясының бас жүлдесінің жеңімпазы, автокөлік иегері – Қарағанды облысының тұрғыны Пономарёва Татьяна. Ол барлығы 8000-нан аса чек жіберген. Ал ұтыс чегінің сомасы бар жоғы 999 тг.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Талғат Мамаев жеңімпазды құттықтап, көліктің кілтін табыстады.