
Құрметті салық төлеушілер!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті 2020 жылғы 5 және 6 қаңтарда кешкі сағат 19:00 бастап таңғы 05:00 дейін «Акцизделетін өнімдер мен мұнай өнімдерінің жеке түрлерінің өндірісі мен айналымын бақылау» ақпараттық жүйесінің (Акциз АЖ) серверлеріңде жаңарту бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілетінін хабарлайды. Осыған байланысты ХКЖЖ-да іркілістер немесе Клиенттік қосымшалардың толық қолжетімсіздігі байқалуы мүмкін.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз!