
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне 27 қаңтарда Әкімшілік рәсімдік-іс жүргізу кодексімен жұмыс істеу шеңберінде бірқатар депутаттарға есігін ашты.
Парламент Сенат және депутаттар: Парламент Сенаты Дюсембаев Гумар Ислямович, Парламент Мәжілісінің депутаттары: Кожахметов Арман Тулешович, Магеррамов Магеррам Мамедович, Олейник Василий Иванович, Никитинская Екатерина Сергеевна. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының қызметкерлері: Мамыров Асқар Серікұлы. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының қызметкерлері: Ахметова Айнур Бектасқызы; Қақабай Ерқанат Аанттайұлы. Шамшинурова Салтанат Мұратқызы - Жоғарғы Соттың өкілі. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Сүлейменов Думан Ағжанұлы; Байбулов Данат Болатұлы. «Атамекен» ҚР АЭС Абдуллина Әсел Еркінбекқызы; Ансарова Ирина Ынтымаққызы қатысты.
Іс-шара барысында Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Сұлтанғазиев Марат Елеусізұлы құрылымдық бөлімшелер жұмысымен таныстырды.
Бірінші байланыс орталығы ұсынылды. Байланыс орталығында комитет қызметкерлері республика азаматтары мен 1414 нөмірі бойынша онлайн байланыс өткізіп, қызықтыратын мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары көрсетілді. Қарапайым азаматтар үшін бұл қажетті және қолжетімді байланыс. 2019 жылы байланыс орталығына барлығы 300 815 өтініш келіп түсті. Күніне 1 оператор қабылдаған қоңыраулардың орташа саны-94.
Сонымен қатар ахуалдық орталықтың жұмысы таныстырылды. Бизнесмендерге осы орталықтың жұмысы туралы білу қажет.
Жүк тексеруінің барлық бөлшектері кеден аралық кіру-шығу ахуалдық орталық арқылы жүргізілетіндіктен және жүкті декларацияламай, шекара арқылы өткізілетіндердің барлығын ашық көрсетеді.
Енді қашықтықтан тексеру жүргізіледі, сканерлеу жүргізіледі, сондықтан алдау мүмкін емес. Сонымен қатар тәуекелдерді басқару жүйесі таныстырылды.
Іс жүзінде барлық бизнес қозғалыстар, барлығы комитет қызметкерлеріне алақандағыдай көрінеді.