Date of publication: 13.03.2015 16:01
Date of changing: 13.03.2015 16:22

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

13.03.2015ж.

Баспасөз релизі

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті 2015 жылғы 12-13 наурыз аралығында резидент еместерге салық салу мәселелері бойынша семинар өткізді.

Семинарда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының жұмыскерлері қатысуда.

Семинар барысында қосарлы салық салуды болдырмау туралы халықаралық шарттың ережелерін қабылдау бойынша ұсыныстар жобасы, сондай-ақ резидент еместерге салық салудың басқа да өзекті мәселелері талқылануда.

Семинардың дәріскерлері ретінде орталық аппараттың қызметкерлері мен сыртқы консультанттар сөз сөйлеуде.

Ұйымдастырушылар мен қатысушылар семинардың қорытындысы бойынша алған білімдері пайда әкелетініне және практикалық қызметте қолданылатынына сенімді.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі