Date of publication: 13.03.2015 18:46
Date of changing: 13.03.2015 18:52

Құрметті салық төлеушілер!

Осымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитеті бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту жүргізілгендігі туралы ақпаратпен пошталық хабарламалар алатын салық төлеушілердің өтініштерінің жиілеу жағдайларына байланысты мынаны хабарлайды.

  1. Мемлекеттік кірістер комитеті ақпараттық жүйелердің бағдарламалық қамтамасыз етулерін жаңарту жүргізілгендігі туралы ақпараттық хабарламаларды электрондық пошта бойыша таратылуын жүргізбейді!
  2. Ақпараттық хабарламаларды орналастыру үшін www.kgd.gov.kz ресми портал пайдаланылады.
  3. Салық төлеушілерге арналған барлық бағдарламалық қамтамасыз етулер www.kgd.gov.kz ресми порталда орналастырылған және электронды пошта бойынша таратылмайды.
  4. Мемлекеттік кірістер комитеті атынан электронды пошта бойынша ақпараттық хабарлама алынған жағдайда, хабарлама келген мекен-жайды, хабарлама мәтінін мұқият қарап, хабарламада көрсетілген сілтеме бойынша ешқашан ауыспаңыз. Қайталаймыз. Мемлекеттік кірістер комитеті электронды пошта арқылы бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту тураы ақпараттық хабарламаны ТАРАТПАЙДЫ.