Date of publication: 20.04.2020 14:07
Date of changing: 20.04.2020 14:08

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

 

Инспекциялық-тексеру кешендерін қолдана отырып алынған рентген бейнелеріне талдау жүргізу бойынша оқыту

                                                                              

2020 жылдың сәуір айының 15 мен 18 аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің  Оқу-әдістемелік орталығы мен Ахуалдық орталығы бірлесіп өзінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері үшін "Инспекциялық-тексеру кешендерін қолдана отырып алынған рентген бейнелеріне талдау жүргізу бойынша оқыту" тақырыбына арнайы бейнетренинг өткізді.

Оқу курсы кешенді жүйе болып табылатын интрузивті емес кедендік бақылаудың сапасын - ИТК техникасы мен экипажы, ұсынылған құжаттар мазмұнының мәліметтері бар сканерленген бейнелерді ИТК операторларының талдау біліктілігін арттыруға арналған.

Бұл курс әрқайсысы жеке бейнеотренинг ретінде ресімделген 4 бөліктен тұрады.

Бейнетренинг дәріскерлері ретінде кеден ісі саласындағы рентген телевизиялық аппараттарда және инспекциялық-тексеру кешендерінде он жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері сөз сөйледі:

- Қасымқұлова Ләззат - ҚР ҚМ МКК ОӘО цифрландыру және қашықтықтан оқыту бөлімінің басшысы;

-  Жолдасбаева Ләззат - Маңғыстау облысы бойынша МКД "Ақтау теңіз порты" кеден бекетінің жетекші маманы;

-  Даукенов Серік-Алматы облысы бойынша МКД "Нұр жолы" кеден бекетінің бас маманы.

- Муракаев Наим - Nuctech Limited company компаниясының сарапшы менеджері.

Видеотренинг қорытындысы бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының 120 қызметкері оқудан өтті.

Курс нәтижесінде тыңдаушылар рентген-телевизиялық құрылғыны орнатудың теориялық және практикалық дағдыларын, кеден шекарасы арқылы тасымалдауға тыйым салынған және шектеулі тауарларды шебер анықтау мақсатында қол жүгі және жүк тауарларын сұрыптай білу дағдыларын меңгерді.

Тәжірибе көрсеткендей, ИТК-ның пайда болуы жүк ағындарын терминалдардың арасында қайта бөлуге әкеледі. Контейнерлік рентгенді орнату "мұндай кешендер жоқ кеден бекеттерінің пайдасына тауар ағындарын қайта бөлуге автоматты түрде әкелуі мүмкін". Жедел кедендік ресімдеу мүмкіндігі бар терминалдан қандай да бір жүктердің кетуі-оның жөнелтушілері мен алушыларына мұқият назар аударуға себеп болады.

Бағдарламалық құралдардың саны көп болған жағдайда, нәтижесінде бейнені талдау және тексеру туралы шешім қабылдайтын адам факторы мәселесі қалады. Осыған байланысты, күн тәртібіндегі басты мәселе жаңа кешендерде жұмыс істеу үшін мамандар даярлау болып табылады.

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі