
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
10 мамыр 2020ж. Нұр-Сұлтан қ.
«ЖЕҢІС МҰРАГЕРЛЕРІ» жобасы
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған әлеуметтік желілердегі "ЖЕҢІС МҰРАГЕРЛЕРІ" жобасын аяқтады. Бірлесіп өткізілген естелік акциясы біздің әріптестеріміздің арасында да шынайы ықыласқа бөленді.
2020 жылдың 3 және 9 мамыры аралығында мемлекеттік кірістер органдары өздерінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында ата-бабаларымыздың ерліктері туралы очерктер мен бейнероликтерді орналастырды. Жалпы алғанда, біз 250 ҰОС ардагерлерін еске алдық, бұл жариялымдар мұрағат мәліметтері мен біздің әріптестеріміздің туыстары мен жақындарының естеліктері негізінде жинақталды.
Жоба батырларының арасында - Кеңес Одағының Батырлары, ордендердің иегерлері, медальдар мен көптеген марапаттардың иегерлері бар.
Біздің ата-бабаларымыз бізге бейбіт аспан мен азаттықты мұра етіп қалдырды. Олар жас шағында майданға аттананып, ерлікпен шайқасқан, жауынгерлік операцияларға қатысқан, окоптар қазған және госпитальдарда солдаттардың жанын алып қалу үшін барын аямаған, тылда еңбек еткен.
Әрқайсысының қосқан үлесі Жеңіс күнін жақындатты, ал олардың кейбірі тіпті үйлеріне қайтып оралмады... Өмірден озғандар туралы естеліктер мәңгі жадымызда сақталады...
9 мамыр Жеңіс күні - бұл ғасырлар арқылы ұрпақтарды біріктіретін, әр отбасы үшін ерекше мереке. Біздің ұрпақ батырларымызды әрдайым есте сақтайды және мадақтайды, естеліктерді ізбасарларына табыстайды.
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі