ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25-жыл қарсаңында ұрпағына бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне жоғары құрмет көрсету, Мәңгілік естен кетпес отты жылдардағы батырларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, жас буынды Отансүйгіштікке, ерлікке баулу мақсатында Мемлекеттік кірістер комитеті Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері Мәңгілік отқа гүлшоқтарын қойды.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне ерлік еңбектері, табандылығы мен жүректілігі үшін алғыстарын білдіріп, «Отан қорғаушылар» монументінің жанына жиналған Экономикалық тергеу қызметінің қызметкерлері мен осы салада қызмет етіп келе жатқан интернационалист жауынгерлер соғыстан қайтпағандардың рухына бас иіп, бір минут үнсіздік жариялады.
Ұлы Жеңістің ұрпақ есінде мәңгі сақталатынын атап өткен Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Т. Жанғарашев ардагерлерді, жеке құрамды айтулы мерекемен құттықтап, батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестерімізге ұзақ ғұмыр, ашық аспан, зор денсаулық тіледі.
Мерекелік шараның жалғасы ретінде Экономикалық тергеу қызметінің жеке құрамы салтанатты түрде саптық байқау өткізді. Сонымен бірге, ҰОС-ның жеңімпаздарына, ардагерлеріне, және барлық Отан қорғаушылар мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсету ретінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Аэромобилді әскерінің №68665 Десанттық-шабуылдау бригадасымен бірлесіп «Солдаттық түскі ас» (бұқтырма қосылған қарақұмық ботқасы және шәй) ұйымдастырды.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі