Date of publication: 20.05.2016 16:45
Date of changing: 20.05.2016 16:56

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

2016 жылғы 19-20 мамырда Астана қаласында Дүниежүзілік кеден ұйымының Еуропа өңірі кеден қызметі басшыларының конференциясы өтті. Отырысқа ДКҰ Еуропа өңірінің 50 елінің ішінен көбінің кеден қызметінің басшылары қатысты.

Конференция барысында кіріспе сөзімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары Б.Ә. Сағынтаев, ҚР ҚМ МКК төрағасы Д. Е. Ерғожин, сондай-ақ ДКҰ Еуропа өңірінің Вице-Төрағасы Стефан Куест сөз сөйледі.

Конференцияға қатысушылар Дүниежүзілік кеден ұйымының Бас хатшысы Кунио Микурияны қарсы алды.

Жыл сайын Дүниежүзілік кеден ұйымының отырысы белгілі бір ұранмен өтеді. ДКҰ 2016 жылы Конфенерцияда талқылауға арналған «Прогрессивті өзара іс-қимыл» ұранымен «Цифрлық кеден» тақырыбында өтті. Цифрлы кеден біздің тез құбылмалы ортада операциялық тиімділікті нығайту, айқындықты арттыру және әкімшілік ауыртпалықтарды қысқартуда өмірлік маңызды және ажырамас бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта цифрлық кеден ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейде өзекті болып келеді.

Кездесу шеңберінде 2 жабық сессия өтті, оның барысында кеден қызметтерінің басшылары 2016 жылғы ДКедҰ Кеңесі төрағасының сайлауында Еуропа өңірінің ең үздік нәтижелерін қамтамасыз ету стратегиясын және салықтық және кедендік ынтымақтастық мәселелерін талқылау мүмкіндігін алды.

Отырыстың екінші күні ДКедҰ өңірлік өкілдіктеріне, атап айтқанда Институционалдық дамудың өңірлік офисіне (ИДӨО) және Жедел ақпаратты жинау және байланыс жөніндегі өңірлік бөлімшеге (ЖАЖББ) арналды.

Бұдан басқа, ДКедҰ Өңірлік кедендік зертхана мәртебесін беру мақсатында Сарапшы-криминалистердің орталық кеден әкімшілігінің (СЕССА) және Еуропа желісінің Кедендік зертханасының (CLEN) жұмысы туралы Ресей Федерациясы өкілдерінің таныстыруы тыңдалды.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі