ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
2016 жылдың 14 маусымында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитетінде Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы және бизнес өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді, онда салық төлеушілердің салық заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстары талқыланды. Ұсыныстар негізінен КТС, ЖТС, ҚҚС, халықаралық салық салу, жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу, сонымен қатар, салықтық әкімшілендіру сұрақтарына қатысты болды.
Талқылау қорытындысы бойынша салық төлеушілердің 70-ке жуық ұсыныстары әзірленіп жатқан «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу сұрақтары бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы аясында одан әрі қарау үшін жұмысқа қабылданды.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі