ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
26.03.2015ж.
Президенттің үндеуі рекордтық қысқа мерзімде мүлік және ақшаны жария ету бойынша статистиканы ұлғайтты
Мемлекет Басшысының «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде сөз сөйлеген сәтінен бастап 9 күн ішінде науқанның өткен жартыжылдығына қарағанда көп ақша жария етілді.
Жария ету бойынша статистикалық деректердің ұлғаюын ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері Президент Н.Ә.Назарбаевтың съезд барысында айтылған науқанға белсенді қатысуға шақырған үндеуімен байланыстырады.
Мемлекеттік кірістер комитетінің сарапшылары осы күндері қосымша 12,1 млрд. теңге сомасына мүлік жария етілгенін хабарлады.
Осы қысқа уақыт аралығында жария етілген ақша екі есеге 15,3 млрд. теңгеге артты.
Жария ету процесіне белсенді тарту және мемлекет берген осы мүмкіндікті пайдалану тілегі тұрғындардың өз мүліктері мен бизнестерін заңдастыруға және оны жалпыға бірдей декларациялау алдында заңды экономикалық айналымға енгізуге мүмкіндік береді.
Өз кезегінде Комитеттің мамандары, бұл көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының салық тәртібі деңгейін және кәсіпкерлік субъектілерін арттыруға ықпал ететінін атап өтуде.
Ағымдағы жылғы 20 наурыздағы жағдай бойынша 138,6 млрд. теңгеге барлық мүлік пен ақша жария етілді.
Мүлікті жария етудің негізгі үлесі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан мүліктерге келеді, ол 109,5 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте, жария етуге өтінген объектілердің жалпы санынан 65%-ы тұрғын үй қорының объектісін құрайды.
Бұдан басқа, 113,1 млн. теңге сомасына Қазақстан Республикасынан тыс жерде орналасқан мүлік жария етілді.
29,0 млрд. теңге сомасында ақша жария етілді. Мүлікті жария еткені үшін бюджетке 1,2 млрд. теңге сомасында алым келіп түсті.
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша жария ету жөніндегі заңнамаға өзгерістер енгізу жөніндегі мәселесі пысықталуда, онда жария ету субъектілеріне аса қолайлы және тартымды жағдайлар жасау жағына қарай жария ету тетігі қайта қаралатын болады. Олардың ішіндегі ең маңыздылары - жария етілетін ақшалардың екінші деңгейдегі банктерде ашылған арнайы жинақтау шоттарында орналастыру мерзімін 5 жылдан 3 жылға дейін қысқарту; бизнес субъектілері мен жеке тұлғалар үшін салық рақымшылығын енгізу; жария етілетін ақшаларды инвестициялау құралдарын кеңейту болады.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі