ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
2016 жылғы 13-14 шілде аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы сарапшыларының (бұдан әрі – Тараптар) ҚХР БКБ мен ҚР ҚМ МКК арасындағы қазақстан-қытай шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы, ақпарат алмасу бойынша деректердің құрамын өзгерту және деректер құрамының алаңын ұлғайту мүмкіндігі туралы және қазақстан-қытай шекарасындағы «Сенім» жобасы туралы ақпарат алмасу жобасын талқылау бойынша кездесуі өтті.
Кездесу барысында Тараптар келісілген «Қорғас» (ҚР) – «Хоргос» (ҚХР) және «Достық» (ҚР) - «Алашанькоу» (ҚХР) өткізу пункттерінде online режимінде ақпарат алмасу бойынша жүргізілген эксперименттің оң нәтижесін атап өтті, сонымен қатар жолданатын деректерге айына бір реттен жиі емес салыстыру жүргізу уағдаластығына қол жеткізілді.
Кездесуде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасындағы 2015 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан-қытай кедендік шекарадағы «Сенім» жобасын іске асыру туралы хаттама жобасын іске асыру мәселелері талқыланды, және қазақстан-қытай кедендік шекарадағы «Сенім» жобасын іске асыру шеңберінде тауарлар мен көлік құралдары туралы ақпарат алмасу үшін мәліметтердің құрамы, олардың маңыздылығы келісілді.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі