
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИЕТІ
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Жамбыл облысының Қордай ауданында героиннің 3 300 бір реттік дозасы ұсталды
2016 жылғы 25 шілдеде Қордай ауданында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде есірткі құралдарының ауыр түрін аса ірі мөлшерде заңсыз тасымалдау күдігімен Қырғыз Республикасының азаматшасы ұсталды.
Есірткі заты сірке суы қосылған табиғи балдың қалың қабатымен жабылғандығына қарамастан, Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінің қырағы қызметкерлері 1 килограмнан астам героин алды.
Осымен, мемлекеттік шекараны кесіп өткеннен кейін азаматшаның қол жүгін - полиэтиленді пакетті қарап тексеру барысында пластикалық банкі бар екені белгілі болды. Оның ішінде бал және сірке суының иісі бар сыйымдылығы 1 литр болатын ақшыл - сарғыш түсті сұйықтық табылды. Көзбен қарап тексеру барысында және осы ыдысты ашу кезінде бал қабатының астында ерекше иісті сарғыш түсті түйіршік тектес зат болды.
Жамбыл облысының Сот сараптамасы институтының қорытындысына сәйкес «Ч» азаматшадан табылған және алынған зат аса ірі мөлшерге жататын салмағы 1 килограмнан асатын есірткі құралы – героин болып табылды.
Алынған героиннің Қазақстандағы «қара» нарықтағы орташа құны 15-20 мың АҚШ долларын несеме 5-7 миллион теңгені құрайды.
Аталған факті бойынша Департаменттің Экономикалық тергеу қызметінің тергеу бөлімшесі ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі (есірткі заттарын аса ірі мөлшерде заңсыз алып, тасымалдау және өткізу мақсатында сақтау) және 286-бабының 4-бөлігі бойынша (Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы есірткі заттарын аса ірі мөлшерде алып өту) сотқа дейінгі тергеу амалдары бастады.
ҚР Қылмыстық кодексінің бұл баптарының санкциялары мүлікті тәркілеумен 15 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын көздеген.
2016 жылдың 1 жартыжылдығы ішінде есірткі құралдарының заңсыз айналымын анықтау саласында Комитет 96 құқық бұзушылықты тіркеп, 9,2 килограмм есірткіні алғанын еске саламыз.
Қосымша ақпарат үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне pressa@mgd.kz
электронды мекен-жайына хабарласуды сұраймыз.