Date of publication: 05.08.2016 18:36
Date of changing: 05.08.2016 18:42

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2016 жылғы 4 тамызда Липецк қаласында Ресейдің Федералды кеден қызметінің Орталық кеден басқармасының кеден органдары арасындағы «Золотой кадуцей» атты жыл сайынғы өнер фестивалінің гала-концерті өтті, онда Ресейден 700-ге жуық кеденші, Беларусь кеден қызметінен 2 қызметкер және Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарынан 4 қызметкер қатысты.

​Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері Ресейдің Федералды кеден қызметінің шақыруымен қатысып, алғаш рет қазақстандық делегация конкурсант ретінде өнер көрсетті.

Өнер фестивалі келесі номинациялар бойынша өтті:

  • жеке вокал,
  • вокалдық дуэт (трио),
  • вокалдық топ,
  • көркемсөз шеберлері,
  • би,
  • хореографиялық ансамбль,
  • аспапшылар,
  • өзіндік жанрлар,
  • театрландырылған қойылымдар,
  • сурет,
  • өнер және қолөнері,
  • көркем фотосурет.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органдарының өкілдері Жамал Жиентаева «Жеке әйел вокалы» номинациясы бойынша гран-при, Анар Есполова  осы номинация бойынша 2 орын, «Би дуэті» номинациясы бойынша Асхат және Индира Әбілевтер гран-при иеленді.

Әріптестеріміздің өнер фестиваліндегі жеңісі алдағы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден және салық органдарының құрылғанына 25  жыл толуы мерекесін және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 2 жыл толуын мерекелеу қарсаңында жаағымды жаңалық болды.

Құрметті әріптестерімізді жеңістерімен құттықтаймыз.  

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі