Date of publication: 10.08.2016 12:06
Date of changing: 10.08.2016 16:02

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Баспасөз релизі

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожиннің қатысуымен Орталық коммуникациялар қызметінде 2016 жылғы 10 тамызда брифинг  өткізілді.   Брифинг салық және кеден жүйелерінің интеграциясы және салық заңнамасына өзгерістер енгізу мәселелеріне арналды.

Д. Ерғожин өз баяндамасында «Мемлекет басшысы белгілеген бес реформаны іске асыру бойынша "100 қадам" Ұлт жоспарында бесінші бағыты транспаренттік есеп беретін мемлекетті қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті. 

Мемлекеттік органдардың стратегиялық мәліметтер базасына онлайн-қолжеткізу, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызметті бір жерден алу мүмкіндігін қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.

Көбінесе, Президент Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы барлық халыққа қызмет көрсету орталықтарын бірыңғай жүйеге біріктіруге мүмкіндік береді.

«Салық және кеден қызметіне жүргізілген біріктірулер мемлекеттiк кірістердің бiртұтас әкімшілендіру саласында туындаған мәселелердi шешуде алғашқы қадам болды» - деп атап өтті Д. Ерғожин.

Бизнеске және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын, сондай-ақ әкімшілендіру тиімділігін арттыру мақсатында Мемлекеттiк кірістер комитеті қазіргі жұмыс iстеп тұрған салық және кеден жүйелерiнiң интеграциясына бағат алған.

Сондай-ақ, 2015 жылы Қазақстанның Дүниежүзілiк Сауда ұйымына кiруi аса маңызды деген оқиғалардың бiрi болды. ДСҰ-на кiру импорттаушыларға тауарларды кеден баждарының төмендетiлген мөлшерлерi бойынша әкелуге мүмкіндік берді. Бұл iшкi рынокқа әкелінетін тауарларға бағаның арзандауына алып келетiн жағымды жайт болып табылады.

Комитет кеден аумағына тауарларды өткізу рәсімдерін жеңілдету және әкімшілендіру жүйесін жақсарту үшін «Электрондық шот-фактуралар» АЖ «Виртуалды қойма» модулін пайдалану жоспарланып отыр. Оған Виртуалды қоймаға кiрiске қабылданған көлеміне бірдей келуіне «ЭШФ» АЖ электрондық шот-фактураларды рәсімдеу жәрдемдесетін болады.

Бұл шаралар ЕАЭО елдерiмен және басқа да елдермен өзара сауда кезінде электрондық шот-фактураларды беруді, оның ішінде нақты уақыт режимінде ЕАЭО елдерiнің кедендік органдарына берген шот-фактуралар туралы мәлiметтерді беруді жүзеге асыруға мүмкiндiк береді.

«Комитеттiң басты мiндетi клиентке бағытталған және бизнес үшiн қолайлы жағдай жасау болып табылады. Салық және кеден жүйелерін біріктіру деректерді бірыңғай сақтау қорын құру арқылы әкімшілендіруді және көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасының тиімділігін арттыруға және  қызметтердің қайталануын болдырмауға  мүмкіндік береді» - деп атап өтті Комитет төрағасы.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі