ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
2016 жылғы 12 тамызда Астана қаласы «Жастар» сарайының концерт залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл, Қазақстан Республикасының кеден, салық органдарының құрылғанына 25 жыл, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік кірістер органының құрылғанына 2 жыл толуы қарсаңында салтанатты жиын және мерекелік концерт өтті.
Мемлекеттік кірістер комитетінің ұжымы атына құттықтау сөзімен Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі Руслан Дәленов және Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Дәулет Ерғожин сөз сөйледі.
Комитеттің Орталық аппаратының үздік қызметшілері мен қызметкерлері мемлекеттік кірістерді жинау бойынша жоғарғы көрсеткіштері, тиімді кедендік және салықтық әкімшілендіру, экономикалық және қаржылық саладағы қылмыстарды анықтағаны және жолын кескені үшін Қаржы министрлігінің және Мемлекеттік кірістер комитетінің медальдарымен, грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды.
Концерттік нөмірлерді Астана қаласы Мемлекеттік филармония, «Астана-Опера» Опера және балет театрының артистері және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Президент аркестрі ұсынды.
ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі