
Ағымдағы жылдың 22-26 қараша аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік Кірістер Комитеті Оқу-әдістемелік орталығында (бұдан әрі - ОӘО) аумақтық Мемлекеттік кірістер департаменттерінің қызметкерлері және ҚР ҰҚК ШҚ-нің рентген құрылғыларымен жұмыс жасайтын қызметкерлері қатысқан, «Сканерлеуші қондырғыларда жұмыс жасауға және рентген құрылғыларының бейнелерін талдауды үйрету» атты арнайы оқу курсы өткізілді.
Курстың негізгі мақсаты – шекара бекеттеріндегі бақылау сапасын арттыру, бұл жабдық пен экипаждың біріктірілген жүйесі болып табылады және РТУ операторлары ұсынылған құжаттардың мазмұны туралы ақпаратпен сканерленген суреттерге біліктілік талдауын жүргізеді.
Курстың мақсаты: сканерлеу жабдығын пайдалану, “Simfox” тренажер бағдарламасының көмегімен қауіпті және тыйым салынған заттарды анықтау дағдыларын жетілдіру, сонымен қатар рентген – телевизиялық қондырғыларды сипаттау және пайдалану.
Бірінші күн ОӘО – ның басшы орынбасары Касымкулова Л.Т. курсты қатысушыларды тіркеу және ашылуымен бастады. Ол қатысушыларды “Rapiscan”, “Rapiscan DV”, “Smith-Heimann” және “Heimann-container” рентген – телевизиялық қондырғылардың негізгі ұғымдарымен таныстырды. Бірінші күннің соңында, ЦжҚО бөлімі оқу нәтижелерін болжау және қатысушылардың білім деңгейін анықтау үшін алдын – ала тестілеу өткізді.
Келесі күндері радиацияның негізгі ұғымдары, радиация түрлері және радиациялық бақылау, ықтимал қауіпті жолаушыларды анықтау арқылы заңсыз әрекеттердің алдын – алу және анықтау әдістерін профильдеу, сондай – ақ жарылғыш заттарды, қару – жарақ пен оқ – дәрілерді анықтау және іздеу бойынша практикалық жаттығулар, тыйым салынған заттар мен контрабандалық тауарларды алып өту әрекеттерінің жолын кесу тақырыптарына дәріс өткізілді.
Сабақта «Есірткіге қарсы күрес бойынша құқық қорғау органдарына арналған интерактивті компьютерлік білім беру бағдарламасы» (TADOC) пысықталды. Бұл бағдарламалық қамтамассыз ету мемлекеттік кірістер қызметкерлерін келесі бағыттар бойынша оқытуға мүмкіндік берді:
1. Автокөлік құралдарын тексеру;
2. Контейнерлерді тексеру;
3. Жеке тұлғаларды тексеру;
4. Әуе көлігін тексеру;
5. Бақыланатын жеткізілімдер;
6. Сауалнама.
Курс екі бөлімнен тұратын тестілеу түріндегі қорытынды емтиханмен аяқталды:
- «Trefox» бағдарламасы бойынша – теориялық бөлім (48 сұрақ);
- «Simfox» бағдарламалық өнім арқылы – практикалық бөлім (25 сөмке);
Оқыту іс – шарасының оқытушылары мен нұсқаушылары ОӘО – ның қызметкерлері:
- Касымкулова Л.Т. – ОӘО басшысының орынбасары;
- Ислямова Ж.М. – персоналды басқару және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің басшысы;
- Абдреимова М.Р. – цифрландыру және қашықтықтан оқыту бөлімінің басшысы:
- Ктанов Е.С. - персоналды басқару және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы.
Оқу жоспарының орындалуы кестеге сәйкес үзіліссіз жүзеге асырылды.
Арнайы курс аяқталған соң жүргізілген сауалнама нәтижелерін талдау барысында, қатысушылар курсты ұйымдастырғандар мен оқытушылардың кәсібилігін жоғары бағалады.