Date of publication: 18.08.2016 19:15
Date of changing: 25.08.2016 18:44

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің экономикалық тергеу қызметі 2014 жылғы 18 қарашадан бастап толыққанды құқық қорғау органы болып табылады. Қызметтің негізгі мақсаты – мемлекеттің экономикалық мүддесі мен бизнесті қорғау. Біздің міндетіміз – салық, кеден және қаржы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жолын кесу және тергеу.

Алдымызға қойылған міндеттерді атқара отырып жосықты бизнесті дамыту үшін қолайлы жағда й жасау мен «сұр» схемалардың алдын алу бойынша шаралар жүйелі түрде қабылданады.

Жеке кәсіпкерліктің адал субъектілерін қорғау әрі қолдау саласында, жоғары бәсекелестік үшін халықтың және бизнес қоғамдастықтың азаматтық белсенділігі өте маңызды.

Құқық бұзушылық жасаудың барлық фактілер бойынша азаматтар бізге және біздің аумақтық бөлімшелерге хабарлай алады.

 

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі