Date of publication: 24.12.2021 10:26
Date of changing: 24.12.2021 11:01

 

АҢДАТПА!

«Қазақстан-Қытай шекарасындағы жағдай» тақырыбындағы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің вебинары

 

2021 жылғы 24 желтоқсанда сағат 16:00-де ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасында тікелей эфирде «Қазақстан-Қытай шекарасындағы жағдай»   тақырыбында вебинар өтеді.

Спикер ретінде ҚР ҚМ МКК-нің Транзит басқармасы басшысының орынбасары Танкибаев Кайрат Айтжанович сөз сөйлейді.

Спикер Қазақстан-Қытай шекарасындағы қазіргі уақыттағы жағдай туралы, қытайлық тараптан автокөлік құралдарын өткізу қарқынының төмендеуінен болып отырған жағдайды шешу үшін Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан қандай шаралар жүргізіліп жатқанын айтып береді.

Кездесу соңында ҚР ҚМ МКК өкілі вебинар тақырыбындағы сұрақтарға жауап береді.

Тікелей эфирді өткізіп алмау үшін ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасына жазылып, тікелей эфирлер туралы хабарлама келетіндей күйге келтіру қажет. Арнаға мына сілтеме бойынша жазылуға болады: https://youtube.com/user/salykgovkz