Date of publication: 27.12.2021 18:21
Date of changing: 27.12.2021 18:35

2021 жылы 25 желтоқсанда "Жібек-Жолы" (Қазақстан Республикасы) және "Гишт-Куприк"(Өзбекстан Республикасы) өткізу пунктінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ә.С.Алтынбаев пен Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік кеден комитетінің төрағасы А.Ю.Мавлоновтың екіжақты жұмыс кездесуі өтті.

Кездесу барысында:

- Өзбекстан - Қазақстан мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерін қайта құру және жаңғырту;

- кедендік шекара арқылы транзитпен өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпарат алмасу;

- Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы өзара саудадағы кедендік статистика мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, кедендік шекара арқылы өтетін көлік құралдарын сканерлеу нәтижелерімен (бейнелерімен) өзара алмасу мүмкіндігі пысықталды, Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы энергия ресурстарын өткізуді бірлескен кедендік бақылау туралы келісімді іс жүзінде іске асыру, сондай-ақ екі жақты халықаралық шарттардың жобаларын әзірлеу мәселелері талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша Хаттамаға қол қойылып, тиісті шешімдер қабылданды.