Date of publication: 28.12.2021 15:57
Date of changing: 28.12.2021 19:15

АҢДАТПА!

«Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» порталы» тақырыбындағы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің вебинары

 

2021 жылғы 29 желтоқсанда сағат 16:00-де ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасында тікелей эфирде «Экспорттық-импорттық операциялар бойынша «Бірыңғай терезе» порталы» тақырыбында вебинар өтеді.

Спикерлер ретінде ҚР ҚМ МКК-нің Кедендік операциялар басқармасының бас сарапшылары Секенов Жандос Еркебуланович және Турлыбеков Олжас Мухтарбекович сөз сөйлейді.

Кездесу соңында ҚР ҚМ МКК өкілдері вебинар тақырыбындағы сұрақтарға жауап береді.

Тікелей эфирді өткізіп алмау үшін ҚР ҚМ МКК-нің YouTube арнасына жазылып, тікелей эфирлер туралы хабарлама келетіндей күйге келтіру қажет. Арнаға мына сілтеме бойынша жазылуға болады: https://youtube.com/user/salykgovkz