Date of publication: 19.01.2022 20:30
Date of changing: 19.01.2022 20:32

«Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы № 54 Заңының 11-бабы 9) тармақшасына және 13-бабының 2-тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша энергия ресурстарын өткізу кезіндегі бірлескен кедендік бақылау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы (бұдан әрі - Жоба).

Жобада қазақстан-өзбек кедендік шекарасы арқылы құбыржол көлігімен және электр беру желілері бойынша өткізілетін энергия ресурстарына кедендік бақылаудың тиімділігін арттыру үшін қолайлы жағдай жасауы көзделеді.

Жоба 2022 жылғы 19 қантарда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария орналастырылған (https://legalacts.egov.kz.). Жоба жария талқылауды өткізу мерзімі 2022 жылғы 2 ақпанға дейін.