
Президенттік жастар кадр резервіне іріктеуге өтінімдерді қабылдау 1 қыркүйектен бастап pkrezerv.gov.kz сайтында қолжетімді болады. Өтінімдер 30 қыркүйекке дейін қабылданады.
Іріктеуге жасы 35-тен аспаған, жоғары білімі және 5 жыл жалпы жұмыс тәжірибесі бар, мемлекеттік тілді В1 деңгейінен төмен емес меңгерген Қазақстан Республикасының азаматы қатыса алады.
Биыл іріктеу келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- Инфрақұрылымды, өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты;
- Агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау;
- Сыртқы саясат және инвестициялар;
- Экономикалық және қаржылық саясат;
- Цифрландыру;
- Әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам.