
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысына сәйкес салық қызметі, кеден қызметі және экономикалық тергеу қызметі органдарын біріктіру жолымен Мемлекеттік кірістер комитеті құрылды.
Қазіргі уақытта Комитет елдің дамуы үшін өте маңызды функцияларды жүзеге асырады: салық және кеден салалары, оңалту және банкроттық және т.б.
Мемлекеттік кірістер органдарының әрбір қызметкерінің қосқан үлесінің арқасында ел бюджеті толықтырылуда, мемлекет әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруда, жолдар салынып, инфрақұрылым, мектептер, ауруханалар, балабақшалар дамып, азаматтарға кепілдік беріліп, тегін медициналық көмек көрсетіліп және елдің экономикалық қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде.
Барлық әріптестерімізді кәсіби мерекелері – Мемлекеттік кірістер органдарының құрылған күнімен құттықтаймыз!
Сіздерге және жақындарыңызға бейбітшілік пен өркендеу, денсаулық пен табыс, бақыт пен амандық тілейміз!