
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Баспасөз релизі
Мемлекеттік кірістер комитетінде уақытты ұйымдастыру технологияларын оқытты
2016 жылғы 27 қазанда Мемлекеттік кірістер комитетінде басшылық құрамға арнап октября «Тайм-менеджмент» тақырыбына семинар өтті.
Іс-шара мемлекеттік қызметте тайм-менеджмент қағидаларын, яғни уақытты ұйымдастыру және оны тиімді пайдалану технологияларын енгізу аясында өткізілді.
Семинар тақырыбы жұмыс уақытын тиімді пайдаланудың және қызметкерлердің жекелеген әлеуметтік мәселелерін шешу сұрақтарының өзектілігіне байланысты тыңдаушылардың қызығушылығын тудырды. Тайм-менеджемент бағдарламасы әрбір қызметкердің жеке тиімділігін арттырады деп күтілуде. Сондай-ақ оның өзін тәртіпке келтіру және жауапкершілігін қалыптастырады.
Мемлекеттік қызметтегі тайм-менеджмент технологияларының жағымды жақтары туралы құзыретті зерттеу орталығының меңгерушісі, психология ғылымдарының докторы, медицина ғылымдарының кандидаты, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының профессоры Асылбекова Лэйла Өмірзаққызы айтып берді.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)