Жарияланған күні: 20.12.2017 19:28
Өзгертілген күні: 20.12.2017 19:30

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

1991 жылыдң 16 желтоқсанында Қазақстаннның Жоғары Кеңесі Республика егемендігі мен тәуелсіздігі жөнінде заң қабылдады. КСРО құлағанныан кейін Қазақ Кеңес Социалистік Республикасы совет үкіметі кеңістігінде соңғы болып өз мемлекеттілігінің егемендігін жариялады. 2017 жылдың 15 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Кинологиялық орталығында Қазақстан Республикасының басты ұлттық мейрамын тойлау қарсаңында, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне» арналған салтанатты шара ұйымдастырылып өткізілді.

«Тәуелсіздік күнін» мерекелеудің басты мақсаты рухани-мәдени және идеялық консолидациясын бекіту, Тәуелсіздік және мемлекеттілік құндылықтарды дамыту, патриотизм сезімін қалыптастыру, жаңа белестерге ұмтылу мен жаңғыру болып табылады. 

Кинологиялық орталығы қызметкерлерінің өз күшімен мерекелік концерт ұйымдастырылып, Орталықтың құрылымдық бөлімшелері әр түрлі жанрда (ән, би, мәнерлеп өлеі оқу) өз өнерлерін көрсетті.

Кинологиялық орталығының басшысы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы атынан ерекше көзге түскен қызметкерлерге, өз Еліміздің мемлекеттік кірістер органдарының дамуына елеулі үлес қосқандары және өз міндеттерін мінсіз орындағаны үшін құрмет грамоталарымен алғыс хаттарымен марапаттады. 

Комитеттің Кинологиялық орталығының басшысы Р.Ж. Смаков өз құттықтау сөзінде «1991 жылдың 16 желтоқсанында Өз Тәуелсізідігін алғанда, 26 жыл бұрын, Қазақстан өз тырихының жаңа кезеңін бастады: қанаты қатып, өз дамуында үлкен нәтижелерге жетті. Қазақстан даму басымдықтарын дұрыс таңдауы арқасында, барлық сынақтарға төзе біліп, , халықтың әл-ауқатының ұдайы көтеріліу мен тұрақты даму жолына шықты. Амандықтың негізі бейбітшілік, қабырғасы-тұрақтылық, күмбезі-келсімдік болып табылады» деп атап өтті.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз - қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)