
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
2017 жылдың 27 - 30 қаңтары аралығында Қазақстан Республикасы ҚМ МКК төрағасының орынбасары Г.К. Амрин бастаған делегациясының Әзірбайжан Республикасына (Баку қ.) ресми сапары болып өтті.
Әзірбайжан Республикасының кеден қызметінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралары аясында, Тәуелсіз мемлекеттер Достастығы елдері мен басқа да шетел өкілдері сөз сөйлеген,«Экономикалық қауіпсіздік: сауда рәсімдерін жеңілдету аспектілері және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.
28 қаңтарда, кеден ісі саласында одан әрі ынтымақтастық келешегі талқыланған, Әзірбайжанның мемлекеттік кеден комитетінің басшылығымен екіжақты кездесуі өтті.
Сапардың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы тасымалданатын тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратпен алмасуды ұйымдастыру жөнінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Әзірбайжан Республикасының Мемлекеттік кеден комитеті арасындағы келісімге қол қою болды. Тараптар кедендік операцияларды жүргізуді оңайлату мен тездетуге, алдын ала ақпараттың маңыздылығын мойындады.
Соңында Госман Амрин мемлекеттік деңгейде, сондай-ақ екіжақты ынтымақтастықтың шеңберінде, кедендік дамыту мен жаңғыртуға бағытталған, екі елдің кеден қызметтері және олардың жұмысы арасындағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)