
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
«Кеден шекарасынан өту бекеттеріндегі Профайлинг»
2017 ж. 6-7 маусым аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығында Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің «Астана-Ауежай» кеден бекетінің қызметкерлері үшін «Кеден шекарасынан өту бекеттеріндегі Профайлинг» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты қызметкерлерді ұшар алдында жолаушыларды сұрастыру және бақылау процессі барысында қауіпті адамдарды және жағдайларды анықтауға оқыту болып табылады.
Профайлингті оқу қызметшілердің тікелей өз міндеттерін орындауға деген қарым-қатынасына оң әсерін тигізері анық, себебі сана-сезімдерінде тікелей өз жұмысына деген тәсілдемесі өзгереді.
Профайлинг барлық айналадағы жағдайды, адамдардың жүріс-тұрысын зейін салып, мұқият бақылауға және талдауға, күмәнді белгілерді табуға, әртүрлі оқиғалар арасындағы себепті-тергеулер байланыстарын орнатуға, жұмыс кезінде туындаған проблемаларды шешуге ерекше келуге мәжбүр етеді.
Өткізілген семинар қорытындысы бойынша «Астана-Ауежай» кеден бекетінің қызметкерлері сертификаттармен марапатталды.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)