
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Елбасының 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 404 Жарлығына сәйкес, сонымен қатар «Ұлт жоспар-100нақты қадамның» 15 қадамын, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 63-бабын орындау мақсатында, 2017 жылғы 14 сәуірде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Кинологиялық орталығында аттестаттау комиссиясымен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің аттестаттаудың үшінші кезеңі-ӘҢГІМЕЛЕСУ аяқталды.
Аттестаттау комиссиясының құрамында мүше ретінде қоғамдық ұйымдардың өкілдері «Генералдар кеңесі» РҚҰ милиция генерал майоры Осман-Рустамбек Байгенженович Бижигитов, заң ғылымдарының кандидаты «Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының» професоры Жолдыбай Тюльматович Успанов, Түрксіб аудандық «НұрОтан» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрланбек Ескендірұлы Әжібаев, «Егемен Қазақстан» республикалық газетінің тілшісі Арман Сәлімұлы Октябров қатысты.
«Әңгімелесу сапалы және обьективті өтті»,-деп милиция генерал майоры Осман-Рустамбек Байгенженович атап өтті, «...әрбір мемлекеттік қызметкер кез келген уақытта нақты өзі не істеді және өзінің жұмыс учаскесінде не ісейтіндігі жөнінде нақты жауап беретініне біз сенімді болуымыз керек, себебі ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығы – Қазақстаннның құрылымдары мен ведеомстваларына ғана емес жақын шетел үшінде иттерді дайындайтын еліміздің жетекші оқу-әдістемелік орталығы болып табылады».
Заң ғылымдарының кандидаты «Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының» професоры Жолдыбай Тюльматович Успанов әңгімелесудің ұйымдастырылуымен өтуіне жоғары бағасын берді. Аттестаттауды өткізудің талаптарын сай және оны ескере отырып мед.қызметкерінің қатысуымен жабдықталған медициналық кабинеті, жабдықталған күтуге арналған ғимарат аттестаттаудан өтушілерге барлық жағдайлар жасалды.
«НұрОтан» патриясының өкілі Нұрланбек Ескендірұлы, кинолог- мамандар өздерінің қызметтік-іздестіру иттерімен есірткі саудасы мен терроризммен күресуде, сонымен қатар еліміздің бейбіт азаматтарының қауіпсіздігін сақтауда баға жетпес үлес қосуда деп қызметкерлердің әлеуетін атап өтті.
Әңгімелесуден өткен 12 қызметкердің арасынан аттестаттаудың қорытындысы бойынша 2 қызметкер - атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді және лауазымын жоғарылатуға ұсынылды, ал 10 қызметкер - атқаратын мемлекеттік лауазымына сай келеді.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)