Жарияланған күні: 25.09.2017 12:10
Өзгертілген күні: 25.09.2017 12:13

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кіріс комитеті мен ҚХР мемлекеттік

 салық басқармасы арасындағы салық ынтымақтастығының дамуы

2017 жылдың 25 қыркүйегінде Астана қ. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде ҚР ҚМ МКК-ң Төрағасы А.М.Теңгебаевтың  Қытай Мемлекеттік салық басқармасының Комиссары Ван Юн бастаған делегациясымен кездесуі өтті.

Кездесудің басында А.М. Тенгебаев Пекин қ. Ван Юнмен алғаш рет кездесуі (мамыр 2017)  барысында, өзара келісімге қол жеткізуге болатын кең ауқымды мәселелер қаралғанын атап өтті.

Екі салық органдарының басшыларының бірінші кездесуінің негізгі қорытындысы - Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапары (2017 жылғы маусым)  барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі мен Қытай Халық Республикасының салық қызметі арасындағы салық мәселелері бойынша ақпарат алмасу туралы қол қойылған Меморандум.

ҚР ҚМ МКК-ң төрағасының айтуынша, бұл құжат Қазақстан мен Қытай арасындағы салықтық басқару саласында одан әрі тығыз өзара іс-қимыл жасау үшін сенімді, құқықтық негіз қалады.

Кездесу барысында ҚР ҚМ МКК Төрағасы А.М. Тенгебаев қытайлық әріптестеріне Қазақстанның салық заңнамасындағы инновациялары туралы, сондай-ақ оның соңғы үш жылдағы қызметінің нәтижелері туралы айтты.

  Екіжақты кездесу толыққанды өзара түсіністік ахуалында өтті, екі жақ салықтық басқару саласындағы ынтымақтастықты нығайту қажеттілігін мойындады.

Кездесу қорытындысы бойынша, атап айтқанда: «Қазақстан-Қытай» Ынтымақтастық Комитеті шеңберінде салықтық ынтымақтастық жөніндегі Кіші комитет құру, «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдердің салық органдары арасындағы ынтымақтастық тетігін құру туралы агенттіктер арасындағы қызметкерлерді дамыту бөлімдері ынтымақтастығын нығайтуға қатысты бірқатар келісімдерге қол жеткізілді. қызметкерлерді дамыту.

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Жеңіс даңғылы, 11)